Ақмола облысында шахтаға заңсыз түскендер топырақ астында қалды: біреуі көз жұмды

Үш адам Бестөбе кентіндегі шахтаға алтын іздеп барған
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында "Қазақалтын" компаниясына қарасты "Новая" шахтасына заңсыз түскен үш адам топырақ астында қалып, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 23 наурызда болған. Тау-кен құтқарушылары оларды жер бетіне шығарды: тірі қалғандардың бірінің жамбасы сынған, екіншісі басынан жарақаттанған.
Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Бестөбе кентіндегі шахтада үш заңсыз алтын іздеуші жарақат алды. Оқиға салдарынан бір ер адам көз жұмды, екеуі емдеу мекемесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.
Сондай-ақ жарақат алғандарың бірі Степногорск қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны екені белгілі болды. Екіншісі – 22 жастағы астаналық.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысында шахтадан ер адамның мәйіті табылды