Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Sputnik
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төребаев 2023 жылдың маусымында "Mudarabah Capital", "Astex" және "ACD Technology" қаржы пирамидаларын құрғаны және басқарғаны үшін бес жылға сотталған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы істі қарау барысында 5 жылға сотталған тағы бір блогер – Мейірхан Шерниязов бостандыққа шыққаны хабарланған еді.
Қаржы пирамидасын құрды: блогер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты