Жуырда Қожа Ахмет Ясауи ордені пайда болады

Бұл жоғары марапат белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тапсырылады
Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде жарлыққа қол қоятынын айтты.
"Осы сәтті пайдаланып, тағы бір маңызды мәселені көтерейін деп отырмын. Мен Ұлттық құрылтайдың отырысының бірінде әйгілі Қожа Ахмет Ясауи туралы айттым. Қожа Ахмет Ясауиді әлемнің әрбір түкпірінде, әсіресе, ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеуіміз қажет, бірақ ең біріншіден Қазақстанның жұртшылығына танымал етуіміз керек", - деді ол.
Президент осы тарихи тұлғаға жоғары сапалы туындыларды және фильмдерді арнау қажет екенін айтты. Еліміздің әрбір облысында Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқуларды ұйымдастыру қажет.
"Мен жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде жарлыққа қол қоямын", - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жоғары марапат белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тапсырылады. Бұл орденнің мәртебесі жоғары болуға тиіс.
Қазақстанда тағы бір ордені бекітілуі мүмкін