Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украиналық делегация АҚШ-пен келіссөздер жүргізу үшін Майамиге барды – БАҚ

Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Украина делегациясы Киев қақтығысын реттеу мәселелері бойынша америкалық тараппен екіжақты келіссөздер жүргізу үшін Майамиге барды. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған украиналық "Общественное" телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Украина делегациясы АҚШ-тың арнайы өкілдерімен — АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткоффпен және АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен келіссөздер өткізу үшін Майамиге барды", — делінген "Общественное" телеарнасының Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Бұған дейін Зеленский сенбі күні украиналық келіссөздер тобы АҚШ-та америкалық әріптестерімен бейбіт реттеу мәселелері бойынша екіжақты кездесулер өткізетінін мәлімдеген болатын.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украина мен АҚШ арасындағы бұл келіссөздерге қатыспайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол үшжақты форматтағы үзіліс уақытша болады деген үміт білдірді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Мәскеу Украина бойынша келіссөздің жаңа кезеңін күтіп отыр – Песков