АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлады Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айтқа орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келді", - деп жазылған хабарламада.
Құттықтау жолдағандардың арасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Татарстан раисы Рустам Минниханов және тағы басқалар бар.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.