АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуға қаулы шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Судья Ерлан Қосмұратов жақында Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Осыған байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылып отыр.
Сенаторлар тиісті қаулыны бірауыздан қабылдады.
Айта кетері, заң бойынша сенат Жоғарғы сот судьяларын президенттің ұсынысымен тағайындайды және қызметінен босатады.