Жаңа Конституция: мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі

Оқулықтарға Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, таза Қазақстан қағидаттары енгізілмек
Sputnik
АСТАНА, 18 наурыз– Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында заңнаманы жаңа Конституцияға сай келтіру мәселесі қаралды.
Осы орайда оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова алдағы шаралар жайында баяндады.
Ал премьер-министр тағы бір маңызды мәселені ұмытпау қажеттігін ескертті.
"Оқулықтарды жаңарту - өте маңызды мәселе. Біз мүлдем жаңа кезеңге аяқ бастық. Сондықтан Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, таза Қазақстан және басқа да қағидаттар оқулықтарға міндетті түрде енгізілуге тиіс. Бұны бақылауға алыңыз", - деді Бектенов.
Министрлік өскелең ұрпақты оқытудың және лайықты тәрбиелеудің барлық сатыларында білім беру сапасын арттыру арқылы зияткерлік ұрпақты қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Бектенов бірқатар заңды жаңа Конституцияға сай өзгертуге тапсырма берді