Ақтөбе облысында 5 адам жол апатынан көз жұмды

Бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында 5 адам жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Трагедия Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында болды.
Полицияның мәліметінше "ВАЗ" және "DAF" автокөліктері соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
Бір жолаушы түрлі дене жарақатымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды