АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Алматыда көпқабатты үйлердің бірінің лифтісінде дәрет сындырған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде видеосы тараған оқиға көпшіліктің наразылығын тудырды. Онда орта жастағы ер адамның лифтіде дәрет сындырғаны түсіп қалған.
"Полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, құқық бұзушыны анықтады. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - дейді полиция.
Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.