Жаңа Конституция бойынша референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

"Иә, қабылдаймын" деп дауыс бергендер көрсеткіші - 87,15%
Sputnik
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады. Алдын ала нәтиже:
"Иә, қабылдаймын" - 87,15%. Бұл - 7 954 667 адам.
Ал 898 099 адам "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс берген.
Референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды
Дауыс санын есептеу кезінде 146 558 дана жарамсыз бюллетень анықталған. Ал жарамды, бірақ есепке алынбаған бюллетеньдер саны (бұл - жауаптардың барлық нұсқасы белгіленген бюллетеньдер) - 127 868 дана.
Айта кетсек, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады. Олардың 73,12%-ы дауыс беруге қатысқан.
Жаңа Конституция бойынша референдум: exit poll нәтижесі жарияланды