АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Қытай Қазақстанды референдумды сәтті өткізуімен құттықтады.
"Жақын көрші және стратегиялық серіктес ретінде Қытай Қазақстанның ұзақ мерзімді бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін құптайды", - деп жазды ҚХР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лин Цзянь.
"Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан дами түсетініне, ал "Әділ Қазақстанның" мақсатына қол жеткізетініне сенімдіміз", - деп атап өтті ол.
Бұған дейін Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтаған болатын.
Референдум 15 наурызда өтті, орталық сайлау комиссиясының алдын ала деректері бойынша азаматтардың 87,15%-і Қазақстанның жаңа Конституциясына дауыс берді.