Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мәскеу Украина бойынша келіссөздің жаңа кезеңін күтіп отыр – Песков

Sputnik
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Ресей Украина мәселесі бойынша келіссөздің жаңа кезеңін күтіп отыр, бірақ түсінікті себептерге байланысты оның өтетін уақыты мен орны әзірге анықталған жоқ, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Біз келіссөздің келесі раундын күтіп отырмыз. Өкінішке қарай, түсінікті себептерге байланысты оның өтетін орны мен уақыты әлі келісілген жоқ", — деді Песков журналистерге.
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен үш келіссөз өткізді. Соңғысы 17-18 ақпанда Женева қаласында ұйымдастырылды. Жаңа кездесудің өтетін орны мен уақыты туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.
Бұған дейін Песков Украина бойынша келіссөзде кідіріс болғанын, ал АҚШ басты назарды басқа мәселелерге аударып отырғанын айтқан.