ҰҚШҰ ПА бақылаушылары Қазақстандағы референдум барысын жоғары бағалады

Парламенттік ассамблея өкілдері Астана мен Ақмола облысындағы бірнеше сайлау учаскесіне барды
Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік ассамблея бақылаушылары Қазақстандағы референдум барысын жоғары бағалады.
15 наурызда олар Астана мен қмола облысындағы бірнеше сайлау учаскесіне барды.
"Көңіліміз толды. Барлығы Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бәрі тыныш, тату-тәтті, біз халық арасында мерекелік көңіл-күйді де байқадық", - деді топ үйлестірушісі Ұлықбек Ұзақбаев.
Бақылаушылар тобының мүшесі Андрей Картаполов айтқандай, атмосфера тыныш, ал дауыс берушілер "шын жүректен" белсенділік танытып жатыр.
"Бұл біздің Қазақстанда бірінші рет бақылаушы ретінде жұмыс істеуіміз емес. Осы ретте бұл процестегі жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық пен сенімді айтқым келеді. Мен Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасап жатқанына және болашақ жарқын болатынына сенімдімін", - деді Картаполов.
15 наурызда ел бойынша 10 401 сайлау учаскесі ашылды, онда республиканың 12 461 796 азаматы референдумға қатысушылар ретінде тізімге енгізілді.
Дауыс беру бюллетенінде тек бір сұрақ бар: "Сіз 2026 жылдың 12 ақпанында БАҚ-та жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?"
Қазақстандықтардың 51,9%-і дауыс берді - референдум өтті деп танылды