Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина бойынша келіссөзде кідіріс бар – Песков

Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина бойынша келіссөзде кідіріс пайда болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, америкалықтар қазір басқа жағдайға басымдық беріп отыр, бұл түсінікті жайт.
"Украина бойынша келіссөзде кідіріс бар. Америкалықтар басқа жағдайға басымдық беріп отыр, бұл түсінікті", – деді Песков Financial Times басылымына берген түсініктемесінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркия тарапы Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзді наурыз айы ішінде қабылдауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан бейсенбі күні өз елі Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу бойынша келіссөзге қайтадан алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.
Ресей мен Украина Ыстанбұл қаласында тікелей келіссөздің үш раундын өткізді. Нәтижесінде тараптар тұтқын және қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен алмасты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Түркия Украина бойынша келіссөзді наурызда қабылдауды жоспарлап отыр – дереккөз