АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтатудан үміт үзген жоқ, деп хабарлады Financial Times Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасап.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина бойынша келіссөзде кідіріс пайда болғанын, себебі америкалықтар қазір басқа жағдайға басымдық беріп отырғанын айтқан болатын.
"Трамп келіссөз соғысты тоқтатады деген сенімде отыр және америкалық келіссөзшілер соңғы айларда үлкен прогресске қол жеткізді деп санайды", - деп жазылған мақалада.