Ресейде Қазақстандағы референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды

Республика азаматтары елшіліктер мен консулдықтарда дауыс бере алады
Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. 54 шет мемлекетте Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдумға арналған 71 сайлау учаскесі ашылды.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі
Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстан елшілігі ұйымдастырған Ресейдегі сайлау учаскелері ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болып ашылды.
Оқу немесе жұмыс бабымен жүрген қазақстандықтар Мәскеу мен Санкт-Петербургте дауыс беріп жатыр.
Референдум бойынша Санкт-Петербургтегі сайлау учаскелері
Еске салайық, референдумға арналған шетелдегі соңғы дауыс беру учаскесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығында ашылады. Ол 15 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де ашылып, 16 наурызда сағат 8:00-де жабылады.
Қызылордада бір әулеттің 9 келіні бір мезетте дауыс берді