АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 73,24%-ы таңдау жасады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы хабарлады.
Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша референдумда 9 млн 126 мың 850 адам дауыс берген.
Өңірлер арасында ең жоғары белсенділікті Қызылорда облысы көрсетті – 93,04%. Астанада сайлаушылардың 60,36% қатысты, ал Шымкентте – 75,82%.
Ең төменгі көрсеткіш Алматыда тіркелді: мұнда дауыс беруге қатысу деңгейі 33,43% болды.
Дауыс беру шетелдегі өкілдіктерде жалғасып жатыр. Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі Астана уақытымен 16 наурызда сағат 08:00-де шетелдегі сайлау процесін ең соңғы болып тәмамдайды.