АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдумда үкімет өкілдері де алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
Дауыс беру учаскелері ашылған алғашқы сағатта таңдау жасаған белсенді шенеуніктердің қатарында премьер-министр Олжас Бектенов, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бар.
Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев те дауыс беру учаскесіне ерте барғандардың бірі болды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен қорғаныс министрі Дәурен Қосанов та осы уақытта дауыс беріп үлгерді.
Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Таиландта таңдау жасады. Ол Қазақстанның Таиландтағы елшілігі жанындағы референдум учаскесіне барып дауыс берді. Себебі Головкин Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысып жатыр.
Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Таиландта таңдау жасады
© Photo : МИД Казахстана
Айта кетері, сағат 7:00-дегі жағдай бойынша барлығы 10 388 учаске өз жұмысына кірісті. Дауыс беретін азаматтардың тізімдеріне 12 461 796 адам енгізілген.