АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 677 595 адам дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осылайша, дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың 37,54 проценті өз таңдауын жасады.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс берушілер саны ең жоғары өңірлер - Ақтөбе облысы – 45,73%, Ақмола облысы – 44,66%. Алматы қаласында ең төменгі көрсеткіш – 14,85%.
Жалпы аймақтар бөлінісінде дауыс беру көрсеткіші мынандай:
Абай облысы 41,93%
Ақмола облысы 44,66%
Ақтөбе облысы 45,73%
Алматы облысы 40,41%
Атырау облысы 42,29%
Батыс Қазақстан облысы 36,59%
Жамбыл облысы 35,86%
Жетісу облысы 43,32%
Қарағанды облысы 42,95%
Қостанай облысы 37,10%
Қызылорда облысы 43,18%
Маңғыстау облысы 34,57%
Павлодар облысы 36,57%
Солтүстік Қазақстан облысы 41,64%
Түркістан облысы 44,13%
Ұлытау облысы 36,59%
Шығыс Қазақстан облысы 42,88%
Астана қаласы 31,23%
Алматы қаласы 14,85%
Шымкент қаласы 42,59%.
Айта кетері, дауыс беретіндердің тізімінде 12 461 796 адам бар. Барлығы 10 388 учаске ашылды. Ал 92 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды. Шетелде 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.