АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында марқұмның ағзасы үш адамның өмірін сақтап қалды.
"Қалалық ауруханада қайтыс болған 65 жастағы ер адамның туыстары донорлық туралы келісім берді. Дәрігерлер органдарды алып, күту парағында тұрған науқастарға трансплантациялады", - деп жазды Денсаулық сақтау министрлігі.
Марқұмның бауыры цирроз диагнозы болған 51 жастағы ер адамға трансплантацияланды.
Сондай-ақ созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарға екі бүйрек трансплантациясы жасалды: бірі - 1986 жылы туған науқасқа, ал екіншісі 2020 жылдан бері гемодиализде болған 1978 жылы туған науқасқа жасалды.
"Бүгінде Қазақстанда транспланттауды күту тізімінде 4,5 мыңнан астам пациент бар, оның едәуір бөлігі бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясын қажет етеді", - дейді дәрігерлер.
Былтыр 18 донорлық процесс жүргізіліп, нәтижесінде 68 науқастың өмірі сақталды.