Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығысты ұрысты жалғастыру арқылы шешу мүмкін емес – Фицо

Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Украинадағы қақтығысты әскери әрекеттерді жалғастыру арқылы шешу мүмкін емес, деп санайды Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо.
"Бұл қақтығысты қажетсіз ұрыс қимылдарын одан әрі жалғастыру арқылы шешу мүмкін емес. Словакия Украинаның Еуропалық одаққа ұмтылысын қолдайды, өйткені біз берік әрі бейбіт көрші болғанын қалаймыз", – деп жазды Фицо әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл жазба бейсенбі күні словакиялық студенттермен өткен кездесуден кейін жарияланған.
Оның айтуынша, Словакия Украинадағы жағдайды бейбіт әрі дипломатиялық жолмен реттеуге шақыруын жалғастырады. Сонымен қатар ол қақтығысқа қатысушы барлық тараптың қауіпсіздік мүдделерін құрметтеу қажет екенін атап өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Түркия Украина бойынша келіссөзді наурызда қабылдауды жоспарлап отыр – дереккөз