АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik.Түркия тарапы Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзді наурыз айы ішінде қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне түрік дипломатиялық дереккөзі.
Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан бейсенбі күні өз елі Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу бойынша келіссөзге қайтадан алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.
"Жақын арада, осы айдың ішінде өтеді деп үміттенеміз", – деп жауап берді дереккөз.
Бұған дейін Түркия Ресей және Украинамен байланысын жалғастырып жатқаны, келіссөз үшін мүмкіндік әлі де бар екені хабарланған болатын.
Ресей мен Украина Ыстанбұл қаласында тікелей келіссөздің үш раундын өткізді. Нәтижесінде тараптар тұтқын және қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен алмасты.