Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанады

Жартылай финалда Индиан-Уэллстегі "мыңдық" турнирінде қазақстандық теннисші украиналық Элина Свитолинамен кездеседі
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Индиан-Уэллстегі (АҚШ, Калифорния штаты) WTA-1000 турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында ширек финал матчы аяқталды. Онда қазақстандық Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездесті.
Кездесу Рыбакинаның екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:1, 7:6 (7:4). Матч 1 сағат 30 минутқа созылды.
Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жартылай финалында Рыбакина Элина Свитолинамен кездеседі.
Осы жеңістен кейін Рыбакина карьерасында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанады. Өйткені ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек Элина Свитолинаға есе жіберді. Дүйсенбі күні Рыбакина мен Швёнтек ресми түрде орын ауыстырады.
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды