Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Украинадағы қақтығыстың аяқталуы туралы мәлімдеме жасады

Ол Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге Еуроодақтың қатысуы қажеттігін айтты
Sputnik
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында Еуропалық Одақтың Украинадағы қақтығысты шешуге қатысуы маңызды екенін айтты.

"Еуроодақ пен Германияның келіссөздер процесіне қатысуы маңызды. Өйткені бұл трек Украинаның жаңаруы, Еуропаның қауіпсіздік инфрақұрылымы және Украинаның ЕО-ға мүшелігі тақырыптарын қамтиды", - деді ол.

Қаңтар айының соңы мен ақпанның басында Абу-Дабиде Мәскеу, Киев және Вашингтон өкілдері қатысқан қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобының жабық отырыстары өтті.
Олар АҚШ ұсынған бейбітшілік жоспарындағы шешілмеген мәселелерді талқылады. Екінші кездесуден кейін Ресей мен Украина 157-ден 157-ге әскери тұтқындарды алмастырды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Ресейге қарсы мерзімі аяқталып жатқан санкцияларды ұзартуды талқылайды