​​Таяу Шығыстан 10 мыңға жуық қазақстандық елге қайтарылды

Sputnik
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Ираннан Түрікменстан шекарасы арқылы жерүсті бағытымен үш Қазақстан Республикасының азаматы шығарылды. Эвакуация басталғалы бері Ираннан елге 69 Қазақстан азаматы қайтарылды.
Сонымен қатар Қазақстанның 68 азаматы Израильден эвакуацияланды.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде отандастармен тұрақты байланыс орнатып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетіп жатыр.
Таяу Шығыстан Қазақстанға 9500-ден астам қазақстандық қайтарылды - СІМ