Павлодарда пара беруге арандатқан адвокат сотталды

Ол алаяқтық жолмен сенімгерден 6,1 млн теңге шамасында ақша алып, оны өз қалауы бойынша жұмсаған
Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Павлодарда алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан адвокат сотталды, деп хабарлайды Павлодар облыстық прокуратурасы.
Павлодарда сот алаяқтық жасаған және лауазымды тұлғаларға пара беруге арандатқан адвокатқа қатысты үкім шығарды.
"Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алдау арқылы сенімгерді адастырған. Заңсыз пайда алуға бағытталған іс-әрекеттер жасаған, қолайлы іс жүргізу шешімдерін қабылдағаны үшін лауазымды тұлғаларға ақшалай сыйақы беруге итермелеген", - дейді прокуратурада.
Ол алаяқтық жолмен сенімгерден 6,1 млн теңге шамасында ақша алып, оны өз қалауы бойынша жұмсаған.
Сот оған 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру және подполковник арнайы атағынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Шымкентте заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталды