Ақтөбеде әскери қызметкер жасөспірімді зорлаған

Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық қатынасқа түскен
Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ақтөбеде 15 жастағы қызды зорлаған әскери қызметкерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақтөбе әскери соты.
Әскери қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша айып тағылды. Тергеуді Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімінің қызметкерлері жүргізді.
Сот отырысы жабық режимде өтті.

"Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық қатынасқа түскен. Ол кінәлі деп танылды", – деп хабарлады әскери соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен сотталушы 15 жыл 6 айға бас бостандығынан және әскери шенінен айырылды.
Павлодарда жасөспірімді зорлаған педофил 16 жылға сотталды