Ертең Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Желдің күшеюі және температураның одан әрі төмендеуі күндізгі сабақтарды қашықтан оқуға көшіруге себеп болды
Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Астанадағы барлық сынып оқушылары мен колледж студенттері 12 ақпанда қашықтықтан оқуға жіберіледі, деп хабарлады білім басқармасы.

"Ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және температураның одан әрі төмендеуі) байланысты 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждің бірінші және екінші курс студенттері (9-сынып негізінде) 2026 жылдың 12 ақпанында қашықтықтан оқуға көшеді", - делінген хабарламада.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша, 11 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы, жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде.
Елдің солтүстік-шығысы мен орталығында толассыз қалың қар жауады деп күтілуде, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде нөсер жаңбыр болады деген болжам бар.
Республика бойынша қатты жел, көктайғақ, тұман және боран күтілуде, ал солтүстік аймақтарда қарлы боран соғуы болуы мүмкін.
Астанада ертең оқушылар онлайн оқиды