Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия Украина бойынша келіссөздерді қабылдауға дайын - президент әкімшілігі

Ресей мен Украина Ыстанбұлда келіссөздердің үш раундын өткізді
Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Түркия кез келген уақытта Украина бойынша келіссөздерді өткізуге дайын.
Бұл туралы "РИА Новости" ақпараттық агенттігіне сұхбат берген осы елдің президент әкімшілігінің өкілі айтты.

"Тараптар қызығушылық білдірген жағдайда Түркия келіссөздерді кез келген уақытта қабылдауға дайын" - деді әкімшілік өкілі.

Бұған дейін "РИА Новостиге" сұхбат берген түрік дипломаты Түркияның Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Мәскеумен және Киевпен байланыстарды жалғастырып жатқанын айтқан.
Ресей мен Украина Ыстанбұлда келіссөздердің үш раундын өткізді. Соның нәтижесінде тараптар тұтқындармен алмасты. Ресей қаза тапқан украин әскерилерінің денесін беріп жіберді. Бұдан бөлек, тараптар қақтығысты реттеу бойынша меморандум жобаларымен алмасты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина бойынша келіссөздің жаңа кезеңі Ыстанбұлда өтуі мүмкін – БАҚ