Таяу Шығыс елдерінен 7300 қазақстандық эвакуацияланды - СІМ

Республика азаматтарын шиеленіс аймағынан қайтару жұмыстары жалғасып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз-Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағынан қазақстандықтарды эвакуациялау туралы жаңа деректерді жариялады.
Министрлік құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
"Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды", - делінген хабарламада.
Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.
Таяу Шығыстан 3 300-ден астам қазақстандық елге оралды