Қазақстан жолаушылар тасымалы бойынша ЕАЭО-да жоғарғы өсім көрсетті

Республика тасымалдау көлемін шамамен 8%-ға арттырды
Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметтері бойынша, ЕАЭО елдерінде жүк және жолаушылар тасымалы өсіп жатыр.
2025 жылы ЕАЭО бойынша жалпы жолаушылар тасымалы 0,9%-ға және бірқатар ұлттық көрсеткіш бойынша өсім байқалды. Қазақстан көш бастап, 2024 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда тасымалды 7,4%-ға арттырды.
Басқа елдердің көрсеткіштері:
Беларусь - 7,1%;
Қырғызстан - 5,3%;
Армения - 0,2%.
Сонымен қатар 2025 жылы жүк тасымалы Қырғызстанда 16%-ға және Қазақстанда 13,6%-ға өсті.
ЕЭК мәліметтері бойынша, Одақ бойынша өсу қарқыны 0,4%-ды құрады.
ЕАЭО аясында Қазақстанның сауда айналымының шамамен 89%-ы Ресейге тиесілі