АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Қазақстандық гимнаст Милад Карими Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Кермедегі жаттығудан өткен финалдық жарыста Карими төрешілердің шешімімен 15.033 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Тан Цзя-Хун (Тайбэй) 15.366 ұпаймен бірінші орынға көтерілсе, Анхель Барахас (Колумбия) 14.400 ұпаймен үшінші орынды қанағат тұтты.
Осылайша, Карими тағы бір күміс медалін жеңіп алды. Бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасында күміс жүлдеге ие болған.