Қазақстан құрамасы Италиядағы XIV қысқы Паралимпиаданың ашылу салтанатына қатысты

Қысқы ойындарда республиканы жеті спортшы таныстырады
Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз-Sputnik. Италияда 6-16 наурыз аралығында дәстүрлі қысқы Паралимпиада ойындары өтеді.
XIV қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Веронада өтті, онда Қазақстан құрамасы ұлттық туды көтеріп шықты.
Қазақстан құрамасы Италиядағы XIV қысқы Паралимпиаданың ашылу салтанатына қатысты
Жарыста ұлттық құрама шаңғы жарысы мен биатлон жұбында елдің намысын қорғайды.
Халықаралық аренада республиканы жеті спортшы таныстырады, атап айтқанда:
Ербол Хамитов;
Александр Герлиц;
Юрий Березин;
Владислав Кобал;
Сергей Усольцев;
Анна Грачева;
Нұрлан Әлімов.
Команда құрамындағы ең жас спортшы - шаңғы жарысының қатысушысы Владислав Кобал, ол небәрі 17 жаста. Ең тәжірибелі әрі жасы үлкен спортшы - Сергей Усольцев, шаңғы жарысы мен биатлон жұбында өнер көрсетеді. Ол 51 жаста.
Қазақстан құрамасы Италиядағы XIV қысқы Паралимпиаданың ашылу салтанатына қатысты
Команданың ең тәжірибелі спортшыларының бірі – 2022 жылы Бейжіңде өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц. Ол сондай-ақ 2018 жылы Пхенчхан Паралимпиадасында жұптық шаңғы жарысы бойынша төртінші орынға ие болды.
Қазақстан құрамасы Италиядағы XIV қысқы Паралимпиаданың ашылу салтанатына қатысты
Паралмипиадаға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 600-ден астам спортшы қатысып, жиынтығы 79 медальды сарапқа салады.
Церемония открытия Паралимпиады - 2026
2026 жылғы қысқы ойындар ерекше маңызға ие. Өйткені биыл Паралимпиада қозғалысының 50 жылдығы аталып өтеді.
Алғашқы қысқы Паралимпиада ойындары 1976 жылы Швецияның эрншельдсвик қаласында өтті.
Паралимпиада ойындарына Қазақстан атынан кімдер қатысатыны анықталды