Таяу Шығыстан 3 300-ден астам қазақстандық елге оралды

Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Таяу Шығыс елдеріненҚазақстан азаматтарын эвакуациялау басталғалы бері 12 әуе рейсі арқылы 3 300-ден астам қазақстандық елге оралды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әуе рейстерімен қатар, азаматтар жерүсті жолдары арқылы да шығарылып жатыр.

"Ирандағы дипломаттар 6 наурызда "Заркух" компаниясында жұмыс істейтін 7 Қазақстан азаматын иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлауда", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған "Заркух" компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасын өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады.
Иран Әзербайжанға шабуыл жасалғанын жоққа шығарды