Қатардағы сұйытылған табиғи газ өндірісі әскери қимылдар тоқтағанға дейін тоқтатылды

Соғыс қимылдары мен шабуылдарды толық тоқтату туралы әскери мәлімдеме сұйытылған табиғи газ өндірісін қайта бастауға негіз болады
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қатардағы сұйытылған табиғи газ өндірісі аймақтағы әскери іс-қимылдар толығымен тоқтатылғанға дейін қайта басталмайды, деп мәлімдеді Қатардың энергетика жөніндегі мемлекеттік министрі Саад әл-Кааби Financial Times басылымына берген сұхбатында, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қатардағы сұйытылған табиғи газ өндірісі соғыс қимылдары толығымен тоқтатылғанға дейін қайта басталмайды", - деді ол.
Әл-Каабидің айтуынша, соғыс қимылдары мен шабуылдарды толық тоқтату туралы әскери мәлімдеме сұйытылған табиғи газ өндірісін қайта бастауға негіз болады.