АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 90 доллардан асып түсті.
Бұл 2024 жылдың сәуірінен бері баррель бұл деңгейге алғаш рет жетуі.
6 наурыз таңертең Brent мұнаайының бағасы 86,04 долларға жетті, содан кейін 85,69 долларға дейін төмендеді, содан кейін 86 долларға дейін көтерілді. Бір күн бұрын баға барреліне 82,34 долларға жетті, бұл 24 сағат ішінде 1%-дан астамға өсті.
Газ бағасы да өсіп жатыр. 6 наурыз күні түстен кейін Еуропа биржасында газ бағасы мың текше метр үшін 650 доллардан асты.
Жалпы алғанда Еуропа мен Азиядағы газ бағасы соңғы бес күнде орта есеппен 65%-ға өсті, ал соңғы бір айда өсім 40%-дан асты.
Сарапшылар бағаның өсуіне Таяу Шығыстағы қақтығыс басты себеп болды деп есептейді.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран Ислам Республикасына қарсы операция бастаған. Тель-Авивтің мәліметінше, операцияның мақсаты — Тегеранның ядролық қару жасауына жол бермеу.
Вашингтон Иран флотын, қорғаныс өнеркәсібін жоямыз деп сес көрсетіп, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды.
Ал Иран жауап ретінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға соққы жасап жатқанын мәлімдеді.