АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Сенат депутаттары Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатуға қаулы шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Судьялар Асқаржан Кенжеғарин мен Ғазиза Мұсабекова отставкаға кетіп отыр. Екеуі Жоғарғы сотта 8-10 жыл жұмыс істеген. Ал Бейбіт Шермұхаметов зейнет жасқа келді. Соңғы 19 жыл бойы Жоғарғы сот судьясы болды. Зейнет жасына толуына байланысты қызметтен босатылып жатыр. Бүгін сенат тиісті қаулыны қабылдады.
Айта кетері, заң бойынша сенат Жоғарғы сот судьяларын президенттің ұсынысымен тағайындайды және қызметінен босатады.