Семейде ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Семей қаласында ойын-сауық орталығынан өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелер оқиға орнына жеткен сәтте ғимарат ашық жанып жатты.
"Өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша адамдар өздігінен эвакуацияланған", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы тілшімізге Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы айтты.
"Ақпарат түскен сәттен бастап жедел жәрдем бригадалары дереу жергілікті жерге жіберілді. Дәрігерлер сол жерде кезекшілікте", - дейді басқарма.
Солтүстік Қазақстанда өрт екі адамның өмірін жалмады, біреуі 5 жастағы бала