Қашағанның Батыстағы акционерлері Қазақстанға қарсы халықаралық арбитражға жүгінді

2022 жылы Қашаған операторына күкіртті дұрыс сақтамағаны үшін айыппұл салынды
Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз - Sputbnik. Қазақстан Қашаған жобасы бойынша арбитраждық талқылау туралы хабарлама алды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әділет министрлігінде айтты.
"Қашаған жобасы бойынша мердігерлік компаниялардың 2026 жылғы 9 ақпанда арбитраждық талқылау туралы сұрау салуына байланысты республиканың атына инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтан хабарлама келіп түсті", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Әділет министрлігінің мәліметінше, "құзыретіне талқылау нысанасына айналған мәселелер кіретін мемлекеттік орган" ел мүддесін қорғайтын болады, ал ведомствоның өзі "құқықтық және консультациялық көмек" көрсетеді.
2022 жылғы желтоқсанда Қашаған-NCOC операторына күкіртті дұрыс сақтамағаны үшін 2,356 трлн теңгеге айыппұл салынған.
Компанияның апелляциясын Астана соты қабылдамады.
NCOC консорциумына жеті компания кіреді: ҚазМұнайГаз (Қазақстан), Eni (Италия), ExxonMobil (АҚШ), Royal Dutch Shell (Ұлыбритания, Нидерланды), Total S. A. (Франция), China National Petroleum Corporation — CNPC (ҚХР), Inpex (Жапония).
Қарашығанақ кен орнының операторына 2 млрд теңге айыппұл салынды