Көлік министрі қандай жолдар 40 жылға шыдайтынын айтты

Асфальт-бетон төселген жолдар 8 тоннаға дейінгі осьтік жүктемеге есептелген
Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев қандай жолдар ұзаққа шыдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің мәліметіне сәйкес, бүгінде асфальт-бетон төселген жолдар 8 тоннаға дейінгі осьтік жүктемеге есептелген.
"Көп интенсивтік қозғалысқа және ыстық кезінде асфальт шыдамайды. Осыған байланысты жазғы мерзімнің күндізгі уақытында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады",- деді Сауранбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ондай шаралар жүк тасымалын тежеп, транзиттің дамуына кедергі келтіреді.
"Ал цемент-бетон жабыны ауыр жүктемеге төзімді. Қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін жетеді. Осындай жағдайда транзиттік дәліздерде жол жабынын дұрыс таңдау маңызды",-деді Сауранбаев.
Министр "Қызылорда - Ақтөбе" тас жолының құрылысын уақытында аяқтауға уәде берді