АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде әйелін өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты анықтағандай, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, күйеуі әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған.
Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылды. Алайда сотталушының қайтыс болуына байланысты оның адвокаты істі тоқтату туралы өтініш білдірген, прокурор оны қолдады.
"Сот қаулысымен сотталушының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс Қылмыстық процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 11) тармағына сәйкес өндірістен тоқтатылды. Оған қатысты қылмыстық қудалау да тоқтатылды", - дейді сот.