Видео

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Қазақстанға қандай қауіп бар - видеокөпір

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы: Қазақстанға қандай қауіп бар" тақырыбында Астана-Мәскеу видеокөпір өтіп жатыр.
Sputnik
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына бірқатар шабуыл жасады. Иран Израиль мен аймақтағы АҚШ базаларына шабуыл жасау арқылы жауап берді. Жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында барлық қауіпсіздік органын тәулік бойы дайындықта ұстауды бұйырды, ал аймақ әкімдеріне Таяу Шығыстағы жағдайды ескере отырып, әрекет ету шараларын қарастыру тапсырылды.
Видеокөпірге қатысушылар Иранға қарсы әскери әрекеттердің Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қалай әсер етуі мүмкін екенін талқылайды.
Спикерлер:
Мәскеуде:
Анна Великая - Ресей ғылым академиясының Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының аға ғылыми қызметкері;
Астанада:
Қарлығаш Нұғманова - "Шығыс-Батыс" халықаралық геосаяси болжау орталығының президенті.