АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Киев "Дружба" мұнай құбырын жабу аясында Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға "барлық мәселені" талқылау үшін Украинаға келуді ұсынды, деп хабарлады жексенбі күні Владимир Зеленскийдің кеңсесі.
27 ақпанда Зеленский Фицомен телефон арқылы сөйлесу барысында оны Украинаға шақырғаны хабарланған болатын.
"Украина Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға Украинаға сапардың нақты күндерін – 6 немесе 9 наурызды ұсынды", — делінген Зеленский кеңсесінің Telegram каналында жарияланған хабарламада.
Киев 27 қаңтарда Украина аумағы арқылы Словакия мен Венгрияға транзитпен жеткізілетін ресейлік мұнайды "Дружба" мұнай құбыры арқылы тасымалдауды тоқтатты.
Словакия Экономика министрлігі мұнай жөнелту жұмыстары қайта басталады деп күткен, алайда олай болмады. Словакия билігі "Дружба" мұнай құбыры жұмыс істеп тұрғанын, ал мұнай жеткізілімін тоқтату Украина тарапының саяси шешімі екенін мәлімдеді. Ал оның мақсаты Украинаны Еуропалық одаққа мүшелікке жақындату үшін қысым жасау деп санайды.