Иранның жоғарғы көшбасшысының әйелі қаза тапты

Ол комаға түскен болатын
Sputnik
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. АҚШ пен Израильдің соққысы салдарынан қайтыс болған Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің жұбайы Мансуре Ходжасте қаза тапты, деп хабарлады Mehr агенттігі.
"Комада болған Иранның жоғарғы көшбасшысының құрметті жұбайы азапты ажал құшты", – делінген агенттік хабарламасында.
Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменей 28 ақпанда Израиль мен АҚШ соққысы салдарынан қайтыс болды.
Әли Хаменей мен жұбайынан басқа, оның қызы, күйеу баласы және жиені де қаза тапты, деп жазды Fars агенттігі.