Астана іргесіндегі ауылдың тұрғыны төрт адамды өлтірді

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Астанаға жақын орналасқан Жібек жолы ауылының тұрғыны төрт адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақмола облыстық полиция департаменті күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам әкесін, анасын, ағасы мен жиенін өлтіріп кеткені жайында ақпарат тараған болатын. Күдіктінің психикалық ауруға шалдыққаны туралы да қауесет бар. Алайда тәртіп сақшылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде расталмаған ақпараттың таралып жатқанын атап өтті.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 99-бабы (екi немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Петропавлда әйел танысын пультпен ұрып өлтірді