Таяу Шығыстағы ахуал: Air Astana 700-ден астам жолаушыны қонақ үйге орналастырды

Жолаушыларға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі берілді
Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Таяу Шығыс бағыттарына рейстердің уақытша тоқтатылуына байланысты Air Astana өңірде қалып қойған жолаушыларды қолдау мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта компания есебінен жолаушылар қонақ үйлерге уақытша орналастырылды:
Доха – 174 жолаушы;
Дели – 231 жолаушы (Алматы – Дубай рейсі);
Дубай – 330 жолаушы.
Форс-мажор жағдайына қарамастан жолаушыларға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі берілді.
Әуе компаниясы Дубай қаласындағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақ үйлерімен тегін тұру мерзімі аяқталғаннан кейін Air Astana жолаушылары үшін арнайы тарифтер ұсыну жөнінде келісімге келді.
Әрі қарай қонақ үйде тұру мәселесі туындаған жағдайда, сондай-ақ құқылық және репаториациялық мәселелер бойынша жолаушыларға Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің жедел байланыс желілеріне мүмкіндігінше тез уақытта хабарласу керек, дейді Air Astana.
Астана әуежайында рейстер кестесінде өзгеріс болуы мүмкін