Астана әуежайында рейстер кестесінде өзгеріс болуы мүмкін

Өзгеріс Таяу Шығыс елдеріне және осы бағыттар арқылы орындалатын бірқатар халықаралық рейстерге қатысты
Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Астана халықаралық әуежайы Таяу Шығыс елдеріне және сол елдер арқылы өтетін кейбір халықаралық рейстердің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін хабарлады.
Әуежай әкімшілігі жолаушыларға әуежайға барар алдында өз әуе компанияларынан рейстің нақты мәртебесін алдын ала тексеруді ұсынып отыр:
Air Astana + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
FlyArystan +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
SCAT +7 7252 99 88 80;
Qazaq Air + 7 727 356 14 14.
Еске салсақ, Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайға және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген жоғары қауіп деңгейіне байланысты Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан елдерінің әуе кеңістігінде, ішінде және оған жақын аумақта ұшуларды арнайы өкім шыққанға дейін толық тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.
Абу-Дабидегі елшілік БАӘ-де тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады