Тоқаев Ирандағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Елде барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді
Sputnik
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды", - делінен хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды.
АҚШ Иранға қарсы ауқымды операция бастады - Трамп