Сыртқы істер министрлігі Ирандағы қазақстандықтар туралы хабарлады

Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ
Sputnik
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қазіргі таңда Иран аумағында 96 Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Олардың 18-і – дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2-і – студент, 70 азамат "Заркух" зауытында еңбек етеді. Алты азамат Иранда жеке сапармен жүр.
"Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелері азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлады министрлік.
Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын хабарлады. Бұған дейін Израиль Иранға қарсы алдын алу соққыларын бастады. Иран астанасында кемінде бес жарылыс болды.

БАҚ хабарлауынша, бұған жауап ретінде Иран Израиль мен АҚШ-тың БАӘ, Бахрейн, Катар және Кувейттегі базаларына шабуыл жасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті.
АҚШ Иранға қарсы ауқымды операция бастады - Трамп