АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 52 түзеу мекемесінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл фактіні Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
"Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", — дейді комитет.
Айта кетері, № 52 түзеу мекемесі "Еркін қоныс колониясы" деп аталған. Ол Қызылжар ауданының Ольшанка ауылында орналасқан.